Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ересек «Нұрсәуле» тобында «Конституция – еліміздің басты заңы» тақырыбында танымдық іс-шара

07.07.2026

📖 МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Нұрсәуле» тобында «Конституция – еліміздің басты заңы» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, туған елін құрметтеуге тәрбиелеу және Қазақстанның жарқын болашағы өз қолдарында екенін ұғындыру. Әңгімелесу барысында балаларға Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің Ата Заңы екені, оның әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын маңызды құжат екені жас ерекшеліктеріне сай қарапайым тілмен түсіндірілді. Көрнекі суреттерді пайдалану арқылы Отан, туған жер, табиғат, көл, кең байтақ Қазақстан туралы әңгіме өрбіді. Сұрақ-жауап әдісі арқылы тәрбиеленушілер өз ойларын еркін жеткізіп, туған еліне деген мақтаныш сезімдерін білдірді. Балалар мемлекеттік рәміздерді еске түсіріп, елін сүю, туған жерді қорғау және құрметтеу әр азаматтың қасиетті борышы екенін ұғынды. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің азаматтық көзқарасы қалыптасып, елін, жерін сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін саналы ұрпақ тәрбиелеуге негіз қаланады.

💙 Отанға деген сүйіспеншілік – туған жерді құрметтеуден басталады, ал елдің жарқын болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақтың қолында!

Просмотров: 721


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст