Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көбелек» тобы тәрбиеленушілерінің қатысуымен Ұлттық домбыра күніне арналған тәрбиелік іс-шара

07.07.2026

 МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Көбелек» тобы тәрбиеленушілерінің қатысуымен Ұлттық домбыра күніне арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы – домбыра таныстырылып, оның шығу тарихы мен қазақ мәдениетіндегі орны туралы мағлұмат берілді. Тәрбиеленушілер домбыраны тамашалап, ұлттық құндылықтар жайлы танымдарын кеңейтті.Мерекелік шараның сәнін келтіріп, тәрбиеленуші Темірланның анасы бауырсақ пісіріп, балаларға дәм ұсынды. Сонымен қатар атамызды шақырып ақ батасын алып, құран бағыштады. Бұл игі дәстүр балалардың бойына үлкенге құрмет, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік пен рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер көтеріңкі көңіл күймен қатысып, ұлттық рухты сезінген әсерлі де мазмұнды күн болды.

Просмотров: 722


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст