07.07.2026
🪕МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Нұрсәуле» тобының тәрбиеленушілерімен Ұлттық Домбыра күніне орай танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларды қазақ халқының ұлттық аспабы – домбырамен таныстыру, оның тарихы мен ұлттық мәдениетіміздегі маңызын түсіндіру, ұлттық өнерге деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру. Танымдық сағат барысында тәрбиеленушілер домбыра туралы қызықты мәліметтермен танысып, оның шығу тарихы мен құрылысын білді. Балалар қазақтың күмбірлеген күйлерін тыңдап, ұлттық аспаптың әсем үнімен сусындады. Сонымен қатар ұлттық тақырыптағы шығармашылық тапсырмаларды орындап, өз ойларын еркін жеткізді. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы балалардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі артып, халқымыздың бай мәдени мұрасын құрметтеу, салт-дәстүрді қастерлеу және ұлттық құндылықтарды бағалай білу қасиеттері қалыптасады. 🪕 Домбыра – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың мәңгілік үні. Ұлттық мұраны ұлықтау – ұрпақ тәрбиесінің маңызды негізі! ✨