Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің көңілді шырылдаған добым» атты спорттық-сауықтыру іс-шарасы

08.07.2026

🏃‍♀️🏀 МКҚК «Ақбота» бөбекжайында дене тәрбиесі нұсқаушысы А.Н. Усенованың ұйымдастыруымен «Менің көңілді шырылдаған добым» атты спорттық-сауықтыру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға ересек «Еркетай», ортаңғы «Балдырған» және кіші «Күншуақ» топтарының тәрбиеленушілері белсене қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, доппен ойналатын ойындар арқылы ептілік, шапшаңдық, дәлдік пен үйлесімділік дағдыларын дамыту, сондай-ақ спортқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Спорттық мереке барысында бүлдіршіндер жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған көңілді эстафеталар мен қимылды ойындарға қатысып, өздерінің белсенділігі мен ептіліктерін көрсетті. Балалар ұйымшылдық танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп, тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен орындады. Осындай спорттық-сауықтыру іс-шаралары тәрбиеленушілердің дене дамуын жетілдіріп қана қоймай, олардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып, шынығуына, төзімділігі мен өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі! 💙🏀

Просмотров: 696


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст