30.07.2026
🌈 «Түрлі-түсті кемпірқосақ» күні – көтеріңкі көңіл күй мен достықтың мерекесі! 🎈
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Нұрсәуле» тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиеші Амирбаева А.Д. ұйымдастыруымен «Менің достарым» апталығы аясында «Түрлі-түсті кемпірқосақ» күні өтті. Іс-шара барысында бүлдіршіндер түрлі түсті шарларды үрлеп, «Ең көңілді шар» байқауына белсене қатысты. Көңілді ойындар ойнап, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар түрлі түсті шарлардан әсем кемпірқосақ құрастырып, түстерді ажырату, бірлесіп жұмыс істеу және достық қарым-қатынасты нығайту дағдыларын жетілдірді. Бұл күн балалардың жүздеріне шаттық сыйлап, ұмытылмас әсерге толы жарқын сәттермен есте қалды. 🌈💛
#АқботаБөбекжайы #НұрсәулеТобы #МеніңДостарым #ТүрліТүстіКемпірқосақ #БақыттыБалалықШақ #БөбекжайӨмірі