01.09.2026
«БІЛІМ, АДАЛДЫҚ, ЕҢБЕК – БІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ» тақырыбында мектепалды топ тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік тәрбие сағаты өткізілді. 🎓📚Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен салтанатты түрде басталды. Балалар мерекелік көңіл-күймен көңілді әндер айтып, тақпақтар орындап, білімнің адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» ұғымы туралы әңгімелесіп, туған жерімізді таза ұстау, табиғатты қорғау және тазалықты сақтау жөніндегі түсініктерін ортаға салды. 🌱🌍📚 «Білім» тақырыбында қызықты сұрақтар қойылып, балалардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында «Оқу құралдары» дидактикалық ойыны ұйымдастырылды. Ал, мерекелік тәрбие сағатының соңында бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күймен «Қара жорға» биін билеп, мерекені ерекше әсермен қорытындылады. 💃🕺🎶✨ Білімге ұмтылған, адалдықты ту еткен, еңбекті бағалайтын ұрпақ – ел болашағы! 🌸 Жаңа оқу жылы құтты болсын!
📖 Білімді де тәрбиелі ұрпақ өсірейік!
#БілімКүні #1Қыркүйек #АқботаБөбекжайы #АдалАзамат #ТазаҚазақстан #БілімАдалдықЕңбек #МектепалдыТоп #ЖаңаОқуЖылы