01.09.2026
🌸 БІЛІМ КҮНІ – БІЛІМГЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ! 🌸
Бүгін біздің бүлдіршіндеріміз үшін ерекше күн – 1 қыркүйек – Білім күніне арналған танымдық тәрбие сағаты өтті. 📚✨ Іс-шара барысында балалар Отанымыз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. 🌿 «Таза Қазақстан – Таза бөлме» ойыны арқылы тазалық пен еңбекқорлықтың маңызын түсініп, ойындар мен қимылды жаттығулар барысында адалдық, мейірімділік, достық және тәртіп туралы түсініктерін кеңейтті. 💙 Білім, адалдық, еңбек – біздің басты құндылықтарымыз! Бүлдіршіндеріміздің білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдары сәтті, жарқын әрі қуанышқа толы болсын! 🌟📖
#БілімКүні #1Қыркүйек #АқботаБөбекжайы #БілімАдалдықЕңбек #ТазаҚазақстан #АдалАзамат #Бүлдіршіндер #БілімгеАлғашқыҚадам