Ақмола облысы
педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесінің «Ерте жастағы балаларды
әлеуметтендіру-жаңа әлемде-төртінші өнеркәсіптік революция әлемінде табысты
бейімделудің кепілі» №4 педагогикалық мектепке дейінгі секция жұмысы Бурабай
ауданы Щучинск қаласында №2 ОМ-те болып өтті. Секция жұмысының мақсаты: ерте
жастағы балалардың қазіргі әлемдегі жайғдайларға бейімделуін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін жан-жақты дамуына және оларды әлеуметтенуіне жәрдемдесу болып
табылды. Осы тамыз кеңесінің секция
жұмысында «Ақбота» бөбекжайы өз көрмесін ұсынды. Көрмеде бөбекжайдың жұмыс
жүйесі және педагогтардың шығармашылық еңбектері ұсынылды. Осы секция жұмысында
«Ақбота» бөбекжайының әдіскері Бекенова Меруерт Джексенбекқызы «Мектепке
дейінгі ұйымдарда балалардың балалық жағдайында ерте әлеуметтендіру» атты
презентация-баяндама жасады.