Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ІІ кіші Балапан тобының тәрбиешісі Сипульдина Жазира Кайсаламовна Астана – туған күніңмен! атты іс-шара өткізді.Бас қала – Астана туралы әндер мен өлеңдер үйретілді, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудырды. .Балалар тәрбие сағатында Қазақстан Республикасының рәміздерімен танысты. Олар жайлы мағлұмат айтылды, сонымен қатар слайд көрсетілді. Көрнекілік ретінде өз қолдарымен ұстап, танысты. Балалар көрмені жақсы көреді. Яғни өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап көруді ұнатады екен. Президентімізбен танысты. Балалар қызығып тыңдап, өздеріннің сұрақтарын қойып , тәрбие сағатында өте белсенді қатысты.Қорыта келгенде, балалар өз Отанымыз Қазақтан және де астанасы туралы мағлұмат алды. Яғни өз жерін құрметтеп қарауларын, сыйлау керектігін түсінді. Сонымен қатар рәміздерді бағалау керектігі туралы да айтылды.