Балалардың ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын ойнап тұрған жөн. Бұл жөнінде ең алғаш Қытайда IX – X ғасырларда анықтап, қолөнерді дамытуға, оның адамға пайдасы жайында кеңінен таратылды, саусақпен істейтін жұмыстарға көп көңіл бөлген. Балалар оқу қызметіне қызығушылықпен қатысады,қимыл іс — әрекеттерін қадағалап, берген нұсқауларды мұқият орындауға тырысады.
Ата – аналар мен педагогтің ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн: ойындар, жаттығулар, түрлі тапсырмалар беруі керек. Ұсақ моториканы жетілдіруде және қол бұлшық еттерінің дұрыс дамуы қарапайым жаттығулар арқылы,баланы естуге және де, көргенін,естігенін жадында сақтап қалуға пайдасы орасан зор.
Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз.
«Балапан» тобы, тәрбиешісі Сипульдина Ж