Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында тәрбиеші Рспекова Айгүл Қарабайқызының ұйымдастыруымен ересек «Еркетай» тобының тәрбиеленушілерімен « Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін сахналады.Бұл ертегіні сахналадаудағы мақсаты бүлдіршіндердің қызығушылығын оятып, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту болып табылды.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, еңбекқорлыққа, батылдыққа, ептілікке үйрену осы ертегілерден беріледі. Ертегілерден балалар жақсы қасиеттерді бойларына сіңіреді, сол кейіпкердей болсам деп еліктейді, армандайды. «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі балаларға ұнады, қызықты, тартымды өтті. «Лақтардың анасының» рөлін нақышына келтіріп сомдаған, тәрбиеленуші: Жақсыбаева Айзере болса, « қасқыр» рөлін өте шеберлікпен сомдаған тәрбиеленуші: Мұхтар Аманкелді. Лақтардың рөлдерінде: Бекмуханбетова Камилла, Сабыров Досымжан, Халитов Эмир, Бектемиров Богдан, Уразбай Жанерке, Асан Зере, Сейтжан Жанали. Бұл тәрбиеленушілерде өз рөлдерін атқара білді. Сахналық қойылым өте жақсы өтті.