Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында тәрбиеші Накенова Айнур Мухтаровнаның ұйымдастыруымен, ересек «Көбелек» тобының бүлдіршіндерімен «Түлкі мен қасқыр » ертегісін сахналады.
Бұл ертегінің мақсаты бүлдіршіндердің қызығушылығын оятып, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту болып табылды. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, еңбекқорлыққа, батылдыққа, ептілікке үйрену осы ертегілерден беріледі. Ертегілерден балалар жақсы қасиеттерді бойларына сіңіреді, сол кейіпкердей болсам, деп еліктейді, армандайды. «Түлкі мен қасқыр» ертегісі балаларға ұнады, қызықты, тартымды өтті. Бүлдіршіндер өздеріне берілген рөлдерді нақышына келтіре орындады.
Рөлдерді орындағандар:
Әже- Каусар
Ата- Бейбарыс
Қасқыр- Арайлым
Түлкі- Раяна