Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында тәрбиеші Есіркепова Балжан Жумадиллаевнаның ұйымдастыруымен І ересек «Көбелек» тобының тәрбиеленушілері «Мысық, әтеш және түлкі" ертегісінің қойылымын қойып, тамашалады. Кейіпкерлер: әтеш-Раяна, түлкі-Арайлым, мысық-Айнара болды. Балалар «Мысық, әтеш және түлкі» ертегісіне , қызығушылықпен өз рөлдерін тамаша ойнап шықты, балалар белсенді қатысып, өздерін жақсы қырларынан көрсетті. Әр бала өзінің рөлін жақсы атқарды. Бұл ертегі әр балаға өте жақсы әсер қалдырып, көңіл-күйлері бір көтеріліп қалды. Ертегіні сахналау арқылы бүлдіршіннің шығармашылық қабілетін және сахна әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Осы «Мысық, әтеш және түлкі » ертегісінің қойылымы арқылы балаларға бергені, бұл жерде балалар бір-біріне қандай да бір жағдайда көмектесу керектігі туралы айтылып, түсіндірілді. Ал қалған балалар көрермендер ретінде отырып, қызықтап қол шапалақтап тамашалады. Қорыта келгенде, қамқорлық пен мейірімділікті әр баланың жүрегіне жеткізе алды.