Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында ортаңғы топтарда «Біз мықтымыз» атты спорттық іс-шара дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы Шайдулин Кайдар Шаймуратовичтың ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шара барысында балалар екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Сайыс бес кезеңмен өтті. 1 кезең: «Кенгуру» осы сайыста балалар кедергілерден секіріп, жүгірді. 2 кезең: «Кім жылдам?» сайыста жылдамдыққа жүгіріп, допшаларды межеліден алып, өздерінін шелекшелерін толтырды. 3 кезең: «Мен бірінші» сайыста кедергілер астынан еңбектеп өтті. 4 кезең: «Сиқырлы доп» сайыста доппен кедергілер арасымен жылдамдыққа жүгірді. 5 кезең: «Аламан бәйге» сайыста таяқшадағы атқа отырып, жарысты. Іс-шара қызықты өтті, балалар белсенді қатысқан үшін марапатталды.