Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы Шайдулин Кайдар Шаймуратовичтің ұйымдастыруымен ересек топтарда «Көңілді эстафета» атты спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Сайыс бес кезеңмен өтті. 1 кезең: «Қаппен секіру» сайысы, ойыншылыр қаптың ішіне кіріп, межеліні айналып, секірді. 2 кезең: «Шығыршықтар» сайысы,еденде жатқан шығыршықтардан секірді..3 кезең: «Эстафеталық таяқша» сайысы, ойыншылыр таяқшамен кедергілер арасымен жүгірді. 4 кезең: «Кім жүйрік?» сайысы, ойыншылар допшаларды қоржындарына жүгіріп тасыды. 5 кезең: «Сиқырлы доп» сайысы, ойыншылар үлкен допты, итеріп межеліні айналып жүгірді.Іс-шара жақсы өтті. Спорт – көркі өмірдің, Спорт – досың, серігің. Жаттықсаң шымыр боларсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!