Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында тәрбиеші Қасқырбаева Жұлдызай Жүгериевнаның ұйымдастыруымен кіші «Нұрсәуле» тобының тәрбиеленушілермен «Қолғап» ертегісін сахналады.
Ертегі шаттық шеңберімен басталды.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қуанатын күн бүгін,
Балаларға жұмбақ жасырып, олармен бірге шештік. Балалар кейіпкерлер киімдерін киіп, сол кейіпкерді шамалары келгенше сомдады. Қолғап ертегісінде ата орманда келе жатып қолғабын түсіріп алады. Ол қолғапты ормаанда тоңып келе жатқан тышқан тауып алады, одан кейін қоян, қасқыр,түлкі, аю барлығы кезекпен келіп кіреді. Шамалы уақыт өткен соң ата қолғабын түсіріп алғанын есіне алып итіне оны алып келуді бұйырады. Міне осылай ертегі кейіпкерлерін сомдап шығады. Ертегі өздеріне қатты ұнады.