Текст
Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Балапан» тобы тәрбиешісі Сипульдина Ж.К.
Балаңызда жалпақ табандық белгісі бар ма? Жалпақ табан (түйе табан) - адамның бір табанының, не екі бірдей табанының бойлық немесе көлденең үстерінің жалпаюы. Жалпақ табандықтың алдын алу үшін дене шынықтырумен және спортпен үзбей айналысудың маңызы өте зор: жүзумен көбірек шұғылданған жөн.
Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Баланың жасына, оның өсіп –жетілуіне табанының жалпаюы сипатына қарай, дәрігер арнаулы гимнастика белгілейді, бала ата-анасының қадағалауымен үйде гимнастикамен айналысуы керек. Аяқтың бұлшық еттері мен сіңірлерін шынықтыратын жаттығуларды да қатар жасаған жөн.