Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Балапан» тобының тәрбиешісі Сипульдина Жазира Кайсаламовна «Шалқан» ертегісі атты іс-шара өткізді.
«Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсетілді. Ертегіні сахналау арқылы ой - қиялын дамытты. «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балалар бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсетті. Кейіпкерлері жайлы айтатын болсақ, ата- Самир, апа-Раяна, немересі-Ханекей, күшік-Бекмырза, мысық-Ислам, тышқан-Мадияр болды. Балалар Шалқан ертегісінің қойылымына жас ерекшеліктеріне қарамастан белсенді қатысып, өздерін жақсы қырларынан көрсетті. Әр бала өзінің рөлін жақсы атқарды. Бұл ертегі әр балаға өте жақсы әсер қалдырып, көңіл-күйлері бір көтеріліп қалды. Қызықпен ойнады.
Осы «Шалқан» ертегісінің қойылымы арқылы балаларға біздің көрсеткіміз келгені, бұл жерде балалар бір-біріне қандай да бір жағдайда көмектесу керектігі туралы түсіндірілді. Әр бала өз рөлін жақсы сомдады. Ал қалған балалар көрермендер ретінде отырып, қызықтап қол шапалақтап отырды.
Қорыта келе, қамқорлық пен мейірімділікті әр баланың жүрігіне жеткізе алдық деп санаймыз.