Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайы тәрбиешісі Шайкенова Куншашар Мукатаевнаның ұйымдастыруымен «Ботақан» тобының тәрбиеленушілері «Әтеш түлкі және күшік» ертегісіне қатысты. Кейіпкерлері жайлы айтатын болсақ, автор-Ясмина, әтеш-Амина, күшік-Ерден, түлкі-Ануар, сәбіз-Медина болды. Балалар Әтеш түлкі және күшік ертегісіне, балалар қызығушылықпен өз рөлдерін тамаша ойнап шықты, балалар белсенді қатысып, өздерін жақсы қырларынан көрсетті. Әр бала өзінің рөлін жақсы атқарды. Бұл ертегі әр балаға өте жақсы әсер қалдырып, көңіл-күйлері бір көтеріліп қалды. Ертегіні сахналау арқылы бүлдіршіннің шығармашылық қабілеті қалыптасты. Сахна әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Кезінде орыстың ұлы ақыны сахнаны «Сиқырлы өлке!» деп атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Шәкен Айманов «Сахна - адамдарды туыстандыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері - тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған. Осының барлығы баланың сөйлеу қабілетінің дамуына, анық сөйлеуіне, өзі алған әсерін монолог түрінде жеткізуге себебін тигізеді. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерінде ойнап, кейіпкерлердің сөздерін, диалогтарын жаттап алу арқылы балалардың тілдері дамып, сөз байлықтары молайып отырады. Осы «Әтеш түлкі және күшік» ертегісінің қойылымы арқылы балаларға біздің көрсеткіміз келгені, бұл жерде балалар бір-біріне қандай да бір жағдайда көмектесу керектігі туралы түсіндірілді. Әр бала өз рөлін жақсы сомдады. Қорыта келе, қамқорлық пен мейірімділікті әр баланың жүрігіне жеткізе алдық деп санаймыз.