Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Бахтыбаева Улжалғас Шериевнаның ұйымдастыруымен ересек «Балдырған» тобының балалары «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналады. Кейіпкерлердің рөлдерін сомдаған балалар, әтеш-Эльдар, түлкі-Айлана, қоян-Ксения, ит-Иван және Ерсултан, аю-Әбілмасұр болды. Балалар ертегіні , қызығушылықпен өз рөлдерін тамаша ойнап шықты, балалар белсенді қатысып, өздерін жақсы қырларынан көрсетті. Әр бала өзінің рөлін жақсы атқарды. Бұл ертегі әр балаға өте жақсы әсер қалдырып, көңіл-күйлері бір көтеріліп қалды. Ертегіні сахналау арқылы бүлдіршіннің шығармашылық қабілетін дамыту. Сахна әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Осы «Түлкі мен қоян» ертегісінің қойылымы арқылы балаларға біздің көрсеткіміз келгені, бұл жерде балалар бір-біріне қандай да бір жағдайда көмектесу керектігі туралы түсіндірілді. Ал қалған балалар көрермендер ретінде отырып, қызықтап қол шапалақтап отырды. Осы бұл жерде балалар бір-біріне қандай да бір жағдайда көмектесу керектігі туралы түсіндірілді. Әр бала өз рөлін жақсы сомдады. Қорыта келе, қамқорлық пен мейірімділікті әр баланың жүрігіне жеткізе алдық деп санаймыз.