Уәлиханов көшесіндегі Нұрсәуле тобының тәрбиешісі Нуртазина Аягоз Сериковна «Өрттен сақ болайық» тақырыбына іс-шара өткізді.
Балалар өртке байланысты жаттаған тақпақтарын айтты.От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от – өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі – өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. –От туралы мағлұмат берілді.
Балалар тұрмысқа қажетті заттарды пайдалану ережесімен таныстырылды.
Балалармен спорт залында тақырыпқа сай ойын өткізілді.
Ойын: «Кім шапшаң?»
Тәрбиеленушілер екі жаққа болініп дайындаған кедергілерден өтті.