Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өрт – қауіпті заттар!

23.07.2021

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Күншуақ» ортаңғы тобында тәрбиеші Темешева Гульнур Асылхановнаның ұйымдастыруымен  «Өрт – қауіпті заттар!» атты тақырыптық іс-шара өткізілді. Іс-шараның  мақсаты  балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыруда,   кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу, тақпақ, сурет арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту және балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу болып табылады.    

Өткізілген іс-шараға  шаттық шеңберін өткізді. Сіріңкемен ойнауға болмайтынын, өрт қауіпсіздігін білу әр баланың міндеті,  оттықпен ойнаған қандай қауіпті екенін түсіндірді. Балаларға «От» деген сөз өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытатынын  от - өмір сәні екенін,  отсыз тіршілік жоқ және  от жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайтынын, ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейтінін айтып өтті. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылық қасиетіміз жоғалатынын,  оттың сол сияқты зияны да бар екенін түсіндірді.

Сонымен қатар балалармен «Қауіпті және қауіпсіз» заттар деген ойын ойнады. Тақырыптық іс-шарадан балалар өздеріне көп ақпарат алды.

Просмотров: 151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст