Текст
Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы Шайдулин Кайдар Шаймуратовичтың ұйымдастыруымен шілде айында ортаңғы топтарда «Біз спортшымыз!» атты спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Сайыс бес кезеңмен өтті. 1 кезең: Балалар кедергілер арасымен жылдамдыққа жүгірді. 2 кезең: Құрсау мен кедергілер арасымен жүгірді. 3 кезең: Үлкен шардын үстіне отырып секіріп, жарысты. 4 кезең: Балалар велосипедпен жарысты. 5 кезең: Арқан тартысып, күштерімен сынасты. Іс-шара жақсы өтті. Балалар белсене қатысты.