Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Шайкенова Күншашар Мукатаевнаның жетекшілігімен Ботақан тобында жапсыру жұмыстары өткізілді.Жапсыруға әр түрлі материалдар пайдаланылды. Жапсыру іс-әрекетінің балалар сүйетін біртүрі: балаларды қағаздың ашық түсі, фигуралардың сәттілікпен үйлесімді орналасуы қуантады, қию мен жапсырудың техникасы оларда үлкен қызығушылық тудырады. Балалар жапсыру жұмыстарды орындай отырып, жаңа нәтижелерді игерді. Жапсыру балаларда белгілі бір білімнің қалып- тасуына, іскерліктерінің дамуына, дағды мен жеке бастың тәрбиесінің қалыптасуына бағытталады. Жапсыру өзіндік ерекшелігі балаларға заттардың түр-түсі туралы, олардың құрылысы, көлемі, жазықтық формасы мен композициясы туралы білімді белсене меңгеруге мүмкіндік береді. Қиылған формаларды әрлі берлі жылжытуға, бір форманы екіншісінің үстіне салып көріп салыстыруға жапсыру мүмкіндігі мол. Бүл композиялық білім мен іскерлікті жедел игеруге көмеқтеседі, ол тек сюжетті және декорациялық жапсыру жасау үшін ғана емес, сондай-ақ сурет салу үшін де маңызды. Балалар өз ойларын шығармашылық қабіллеттер арқылы жеткізе алды. Мектепке дейінгі мекемедегі бағдарламаның шығармашылық саласының бірі жапсыру. Жапсыруға үйрете отырып, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қол моторикасын, шығармашылық қызығушылықтарын арттыра түсеміз.