Бурабай ауданы МКҚК "Ақбота" бөбекжайының директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна, аудандық мектепке дейінгі бөлімінің әдіскері Кажкенова Алия Тулегеновна, бөбекжайдың әдіскерлері мен тәрбиешілері 2021 жылғы 10 тамызда Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» ұйымдастырған облыстық тамыз конференциясы аясында ұйымдастырылған «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы панельдік сессия отырысына қатысты.
Панельдік сессия жұмысына ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, «Bilim Land» ЖШС өкілдері, білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері мен педагогтері қатысып, өз пікірлерлерімен бөлісті.
ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры М. Адамова мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің басшысы М. Ерманова жаңа оқу жылының ерекшелігі мен мектепке дейінгі білім берудің негізгі басымдықтары, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша сөз сөйлеп, тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды.
Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.