Текст
«Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Ботақан» тобында, тәрбиеші Ибраева Саягуль Мукановна балаларға табиғат бұрышындағы бөлме гүлдерін күту, баптау, оларға қамқорлық көрсету жайлы әңгіме жүргізді. Гүлдердің сабағы, жапырағы туралы түсінік бере отырып, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеумен қатар бөлме өсімдіктерің қалай күту керектігін іс –жүзінде көрсету арқылы балаларды 4-5 жастан еңбекқорлыққа баули отырып, тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын ояту жұмыстарын жүргізді.