Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық ойындар әлемінде

18.08.2021

 кіші «Нұрсәуле» тобында тәрбиеші Қасқырбаева Жұлдызай Жүгериевнаның ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындар әлемінде» атты іс – шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты балалардың денсаулығын,ой өрісін, икемділігін,шапшаңдылығын, ұлттық ойындарға деген  қызығушылығын дамыту және ұлттық ойындар туралы білімдерін арттыру, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу болып табылды.

Балаларды ұлттық ойындар түрлерімен таныстырып, олардың денсаулықққа пайдасы бар екенін айтып өтті.

Екі топқа бөлінген балалармен «Ат жарыс» ойыны ойналды. Шыбық атқа мінген балалар сондай ынтамен қызыға ойнады. «Ат жарыс» ойынында бір бала орамал ұстап белгі берді, қолындағы орамалды төмен түсіргенде ойын басталғаны туралы белгі береді. «Қыз қуу» ойынында ұл бала қыз баланы қуып жетіп, қолындағы орамалды алу керек, егер жете алмаса қыз бала қамшымен ұл баланы сабайды. «Орамал тастамақ» ойынының шарты: барлығы дөңгеленіп отырады, бір баланың қолында орамал ол дөңгелене отырғандарды айнала жүріп қолындағы орамалды келесі баланың артына тастайды, орамал тасталған бала ойынды ары қарай жалғайды. Келесі ойында балалар алдарына берілген асықтарды лақтырып ойнады. «Асық» ойыны мергендікке, шапшаңдыққа, санауға, түстерді тануға үйретеді. Ойындарға балалар шамалары келгенше жақсы ат салысып қатысты. Ойын өздеріне қатты ұнағанын айтты.

Просмотров: 113


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст