Текст
28.09.2018ж.
күні бөбекжайдың педагог-психологы
К.А.Галеева ата-аналармен «Рухани жаңғыру – болашақ кілті» атты іс-шара
ұйымдастырып өткізді. Іс-шараға 7 ата-ана қатысты. Танысу тренингі арқылы ата-аналар
өзара танысып, көңіл-күйлерін көтерді. «Менің елім – менің қуанышым!» атты
бейнеролик тамашалады. Іс-шара барысында «Сиқырлы қоржын», «Отбасылық дәстүрлер
мен мұралар», «Ұлттық билер», «Мақтаныш орындығы» сияқты психологиялық ойындар
ойнатылды. Ата-аналар бірігіп «Атамекен» әнін шырқады. Соңында «Түймедақ күні»
атты тілектерін білдіру ойыны ойнатылды. Психолог ата-аналарға кеңес таратты.