Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында тамыз айының 19 күні бөбекжайда II ересек «Көбелек» тобының балаларымен «Жадыраған жаз» атты музыкалық мерекелік ойын-сауық өткізілді. Балаларға жаз мезгілі туралы ақпарат берілді. Слайд арқылы жаз айы нағыз әр күнді көңілді өткізуге болатын әдемі шақ екені, жазда күн ұзақ, түн қысқа болатыны, жаз айында балалар көбелек қуып, тәтті балмұздақ, қарбыз жеп, суға шомылып, күнге күйетіні туралы, орман тоғайларға барып жидек саңырауқұлақ теретіні жайлы әңгіме өрбітіліп, түсіндірілді. Музыкалық ойын-сауықта балаларға күнбағыс суреттері таратылып, балалар күнбағыстың дәнін мақта таяқшалары арқылы орындады. Шығармашылық жұмысқа балалар белсене қатысып, сүйсініп жасады. Сонымен қатар «Қағаз стакандарды жылдам жинау», «Балықтарды жылдам аулау» және «Шанышқымен кішкентай таяқшаларды жинау» сынды ойындарды қызықтап ойнады. Топ болып «Жаз айы» әнін шырқап, «Балдәурен» биін биледі. Мерекеде балалар берілген әрбір тапсырманы қызықтап ойнап, ережені бұзбай белсенді қатысып, өздерінің көтеріңкі көңіл-күй нұрларын бәрімізге жаудырды. Мереке соңы естелік ретінде фота-суретпен аяқталды. Мақсатқа қол жеткізілді.