"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Көбелек», «Балдырған», «Еркетай» топтарымен тамыз айында Ағлшын тілі мұғалімі Сейсен Аягуль Төлепбергеновна ағылшын тілінен «Kazakhsatan is my Motherland» атты іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты өз Отанын сүюге, оның бай және қуатты ел екенін мақтан етуге, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға үйрету болып табылды.
Балаларға қонаққа ағылшын тілі ханшайымы достарымен келді , ханшайымның достары балаларға біздің Отанымыз Қазақстан туралы айтуға көмектесті. Қазақстанда 19 миллион адам, 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері біртұтас отбасы болып өмір сүреді, орыс ұлтының досы балаларға біздің ұлы елде тұратын ұлттар мен халықтар туралы айтты, сондай ақ балалар ерекше көңіл күймен «Күн сәулесі» атты шығармашылық тапсырма орындап, түрлі-түсті қағаздан қиылған алақандарды күннің шуағы ретінде күнге желімдеді. Әрі қарай ағылшын ханшайымының татар досы Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы балаларға сипаттап, барлығы бірге Мемлекеттік гимнды орындады. Қонақта өзбек ұлтынан досы да болды, ол балаларға Қазақстанда тұратынын мақтан ете отырып, Отан туралы мемлекеттік тілде тақпақ айтып берді, сондай-ақ, балалар ағылшын тілінде Отан туралы өлеңдер оқып, өз білімдерін көрсетті. Балалар келген қонақтармен бірге «Қазақстан менің Отаным» атты әнге ленталармен би биледі. Іс-шара соңында балалар патриоттық тақырыпта салынған суреттер көрмесін тамашалады. Естелік ретінде балаларға мадақтамалармен тәтті сыйлықтар таратылды. Іс-шара ойдағыдай өтіп, мақсатқа қол жеткізілді.