МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Ибраева Саягуль Мукановна ұйымдастыруымен ортаңғы «Ботақан» тобының балаларымен «Ата заңымыз - айбатты» тақырыбымен тәрбие сағаты өткізілді. Балалар «Ата заң» мерекесіне арналған өз тақпақтарын айтты. Тәрбие сағатын «ҚР мемлекеттік Гимн» басталды. Тәрбие сағатында балалардың құқықтары туралы түсініктеме берілді, балалар өз ата-аналарына көмектесуі туралы сурет бойынша шағын әңгіме жүргізілді. ҚР рәміздерін сурет бойынша көрсете білді, балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанымыз сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатымен түсіндіре отырып, бүгінігі тәрбие сағатымызды «Күн шуағын» құрастыру дидактикалық ойынымен аяқтадық.