Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұстаздар күні»

05.10.2018

Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйреиіп, тәрбие тағылымын дарытып

келе жатқан төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет

етіп келе жатқан тәрбиешілердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше.

Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы-білімді адам. Тек өз Отанымыздағы

білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы

қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің бағын ашады. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен

егемен еліміздің болашаған ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың

Тәлімгері сіздерсіздер. Мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі, әрі аса

жауапты маман. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы,

оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалық табысты, іскер болатыны

тікелей тәрбиешіге байланысты. Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен

құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат мен

мейірім тілеймін. Аудандық Мәдениет Үйінде өткізілген іс-шараға «Ақбота»

бөбекжайының ата-аналары Ұстаздарға арналған көрмеге өздерінің жұмыстарын

қойды. Атап айтсақ, «Құлыншақ», «Көбелек», «Ботақан», «Балапан», «Балдырған»,

«Алақан», «Нұрсәуле» топтарының ат-аналары, тәрбиешілері белсене ат салысты.

Бөбекжайдың Исенова Сымбат жетекшілік ететін шығармашылық топ

қабырға газетін шығарып, аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі әдіскерлер

кабинетіне сыйға тартты.  Бүгінгі

мерекеде бөбекжай директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна Қазақстан

Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің

құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Тағы бір қуанышты жаңалық,

бөбекжайымыздың тәрбиешісі Уалиева Ризагуль Сагандыковна Бурабай ауданы әкімі

К.Карауловтың Алғыс хатымен марапатталды. Бөбекжайдағы кәсіподақ ұйымының

мүшесі Ғалымжанова Жанна Амангелдіқызы мерекеге әдемі дастарханды жайып,

ұйымдастырды. Исенова Сымбат Төлеуғалиқызы мен Жалманбетова Райхан

Темирбулатовна қыздарымыз әдемі кешке жақсы көңіл-күй сыйлап, мерекейін шырайын

келтіріп, ән-шашу сыйлады.  «Ақбота»

бөбекжайының тәрбиешілері, педагогтары еңбектеріңіз жана берсін. Ұжымымыз тек

қана ауызбіршілікте болып, биік жетістерден көріне берсін,-деймін.

 

«Ақбота» бөбекжайының әдіскері,                                                                     

кәсіподақ ұйымының төрайымы                                                                  

Бекенова Меруерт Джексенбековна

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст