Тамыз айының 27-сi күні "Ақбота" (Циалковский к-сі 10) бөбекжайының "Почемучки" мектепалды даярлық тобында қазақ тілі мұғалімі Г. Елубекованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституция күнiне орай "Ата заңым - менiң" атты тақырыптық оқу қызметі өткізілді. Мақсаты: Отанды сүюге, ата заңымызды қадiрлеуге, туған еліне, жерiне деген сүйіспеншіліктерiн арттыру. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналыққа, елiнiң мұрасы жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Балаларды келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституция күнiмен құттықтап, шағын әңгіме жүргізілді. ҚР рәмiздерiне тоқталып, мемлекеттік гимнi орындалды. Ата заңымыз туралы бейне ролик көрсетiлдi. Қонаққа қуыршақ Асан мен Айгүл келiп, келе жатқан мерекемен құттықтап, балаларға күннің көздерiн сыйға тартып, әр бала өздерiнің туған жерлерiн қалай жақсы көретiндерiн айтып, жылы лебiздерiн бiлдiрдi, аспандағы күннің шуақтарын қағаз бетiне қуана жапсырды. Келесi кезеңде бүлдіршіндер қазақтың ұлттық ойындары ,,Арқан тартыс" және "Күміс алу" ойындарын ойналды. Сурет арқылы алған бiлiмдерiн айтып жеткiздi.. Оқу қызметі қызықты тартымды өтті.