Құрметті ұстаздар! Қымбатты тәрбиеленушілер, ата-аналар және барша қазақстандықтар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!
"Ақбота" бөбекжайының педагогтары мен тәрбиешілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған тәрбиеленушілерді қарсы алды, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!