Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайының мектепалды «Қошақан» , «Құлыншақ» топтарымен ағылшын мұғалімі Сейсен Аягуль Төлепбергеновна ағылшын тілінен тілдер апталығына орай «We love English» атты көңілді ойындар туралы өткізді. Мақсаты алынған білімді жүзеге асыру және ойын түрінде сөйлеу дағдыларын дамыту болып табылды. Балалар ағылшын тілі мұғалімімен бірге Фиксик, Лунтик және Киндердің ойын түрінде берілген тапсырмаларын орындады. Бірінші тапсырма мұғалімнен болды. Балалар боялған лабиринтте кездескен жануарларды, түстерді, сандарды және жемістерді ағылшын тілінде атады. Келесі екі тапсырма Лунтиктен болды, балалар аяқ іздермен жүріп, оларды ағылшынша санап, ағылшын тілінде түстерін атаулары керек болды. Сонымен қатар балалар «Жасыл қайда?» ойынын ойнады. Лунтик әнді қосқанда, балалар биледі, ән тоқтағанда, Лунтик кез-келген бір түсті атады, ал киімдерінде аталған түстері бар балалар Лунтикке қарай жүгірді. Фиксикпен балалар "Күн және аққала" ағылшын тілінде ойынын ойнады, Күн қуып жетіп, Аққала қашып кетуі керек еді. Балалар сонымен қатар «Тасбақалар» ойынын ойнады, олар арқаларына шараны іліп, тасбақалар сияқты жорғалап көкөністер мен жемістерді екі себетке бөліп жинады. Киндермен бірге балалар соңғы "Жылдам жануарлар" ойынын ойнады. Балалар үш топқа бөлінді , олар аюлар, қояндар және қасқырлар. Киндер атаған топ жүгіріп барып кедергіден айналып шығып артқа қайтулары керек еді. Балалар тілдер апталығына орай ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысты. Қойылған мақсатқа қол жеткізіліп, іс-шара тек ағылшын тілінде ойдағыдай өтті