Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстары

28.09.2021

Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының І-кіші «Күншуақ» тобының тәрбиешілері У.Ш.Бахтыбаева мен А.А.Мукажанованың  ұйымдастыруымен ұсақ моториканы дамыту жұмыстары жүргізілді. Оны бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы  алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз.
Ойын түрлері өте көп. Ойындардың бірі – саусақ ойыны. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Ұсақ моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижеге жетеміз:
1. Сөйлеу тілі жетіледі.
2. Қимыл қозғалыс қабілеті артады.
3. Икемділігі арта түседі.
4. Логикалық ойлау қабілеті дамиды.
5. Танымдылық деңгейі артады.
Баланың бойына сенімділік пайда болады, құлшынысы артады. Ойындар арқылы, біздер баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп, ойынға деген ынтасын, белсенділік пен қызығушылық, жалпы танымдылық қабілеттерін дамытамыз.

Просмотров: 122


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст