Балалар еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы болғандықтан, мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқыту және балалардың қабілеттерін дамыту, қоғам үшін өте маңызды болып табылады. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясат халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарынан шыққан балалардың сапалы білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасауға және қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ағымдағы жылдың 28 қазанында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «Ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру және бейімдеу» тақырыбында онлайн режиміндегі республикалық семинар болып өтті. Тенденциясы мен тәуекелі бар 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу, ерте жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымға бейімдеу проблемаларын және осы кезеңде ата-аналармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың қажеттілігі мәселелерін Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының спикерлері қамтып өтті. Ақмола облысынан Щучинск қаласы МКҚК «Ақбота» бөбекжайының әдіскері Бекенова Меруерт Джексенбековна «Балалардың мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерте әлеуметтендірілуі» атты тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинарда баланың толыққанды дамуындағы бала қажеттіліктері, қарым-қатынасты орнату және дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін баланың физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоционалдық денсаулығы мен қауіпсіздігін, баланың туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі даму кезеңдері бойынша ұлттық құндылықтарды балаларға ерте жастан толыққанды дамыту мен тәрбиелеу мәселелері талқыланды.