Текст
"Гүлдер" кіші тобының тәрбиешісі - Маханбетова Ш.К. ұйымдастыруымен «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты балалармен ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаны байқамау, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады.
Сондықтан әрбір бала «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы ақыл кеңестерді мұқият тыңдап, қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.