Текст
МҚКК «Ақбота» бөбекжайында 26-29 қазанға дейін барлық топтарда күз мерекелері өткізілді. Балалар басты рөлдерді сомдап, үш тілде өлеңдер оқып, жұмбақтар шешті, әндер айтып, би биледі, музыкалық оркестрде түрлі аспаптармен ойнады. Қонаққа «Күз», кірпі, аю, көжек балалармен ән салып, би билеп, ойнады. Балабақшадағы мерекелер - ол бүлдіршіндердің күлкісі мен қуанышы. Күз мезгілі алтын жапырақтардың сыбдыры, жаңбырдың астыңда қолшатырмен серуендеу. Балалардың бөбекжайда ең сүйікті мереке- ол күз мерекесі.
Іс-шаралар көңілді, жарқын, қызықты болды. Тәрбиеленушілер көп жағымды эмоциялар алды. Күз балаларға дәмді, тәтті алмалар сыйлады.