Текст
«Балапан» ортаңғы тобының тәрбиеленушілерінің бос уақыттарындағы ойын қызметтері
Баланың ақыл-ойы саусағының ұшында қалыптасады. Балалардың сөйлеуінің даму деңгейі қолдарының нәзік қимылдарына тікелей байланысты. Бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым оның бәрін өз қолымен зерттеуге деген ұмтылысы артады. Қимыл- қозғалыс тек бұлшықеттері емес, сонымен қатар миды және сезіну, қабылдау, талдау қабілеттерін дамытады.