«Ботақан» ортаңғы тобында тәрбиеші Шайкенова Күншашар Мұқатайқызының ұйымдастырумен «Көңілді жаңбыр» тақырыбында «Шығармашылық» саласы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Оқу қызметінің мақсаты балаларды эстетикалық талғамдарын, жапсырма бейнелерінің мәнерлілігін құру іскерліктеріне тәрбиелеу, балаларды безендіру қызметіне дайындау, қию тәсілдерін меңгеру барысында көру - қимыл үйлестірулерін дамыту болып табылды. Қиюдың түрлі тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктерден заттар құрастыру және түрлі пішіндегі геометриялық элементтерінен құралған өрнектерді құрастыру іскерліктерін дамытуда көз алдына елестету арқылы бейнелерді құра білуді жалғастыру, затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын игерді. Ұйымдастырылғанг оқу қызметінде балалар жапсыру барысында түсті мәнерлілік құралы ретінде қолданды, қағаздың түсі мен оның реңктерін жеке таңдау үдерісінде түстерді сезе білуін жетілдіру жұмыстарын жүргізді.