Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Шайкенова Күншашар Мұқатайқызының жетекшілігімен ересек «Ботақан» тобының тәрбиеленушілерімен, «Шығармашылық» білім саласының «Жапсыру» қызметінде «Банкадағы қияр мен қызанақ» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларға адамдардың күзгі еңбектері туралы әңгіме жүргізіліп, көкөністердің адам денсаулығына пайдасы туралы түсінік берілді. Шығармашылық жұмыста қағаздардың бұрыштарын қайырып, шаршыдан шеңбер, тіктөртбұрыштан сопақ пішінді қию тәсілімен, жапсыру ережесін орындады. Желім мен пішінді ұқыпты қолдануға тырысты. Қауіпсіздік ережелерін ұстанды.