Текст
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты мақсаты- сана сезімімізді, ұлттық дәстүрімізді, ұлттық құндылығымызды одан әрі дамыту. Ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін бастама. Қазіргі қоғамға көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеу. Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайындағы, " Балбөбек" ортаңғы тобында күннің екінші жартысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында "Рухани жаңғыру- ұлт құндылығы" атты жұмысында " Ұлттық салт дәстүрді" насихаттау барысында бүлдіршіндер тәрбиеші Рспекова Айгүл Қарабаевнаның көмегімен түрлі- түсті қағаздардан ұлттық ою- өрнектерді қиып, жапсырды. Осындай жұмыстар өскелең ұрпаққа ата- бабамыздан қалған салт- дәстүрді үйрету, жалғастыру болып табылады.