Текст
"Інжу - маржан" үйірмесінде "Еркетай" ересек тобымен "Мен әдепті баламын" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін бөбекжайдың қазақ тілі мұғалімі Дүйсембай Аружан өткізді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде "Мен әдепті баламын" тақырып төңірегінде "Әдептілік деген не?", "Әдепті бала қандай?" , "Әдептілікті бізге кім үйретеді ? деген сұрақтар бойынша "Үлкенге құрмет, кішіге ізет", кішіге мейірімді , досыңа адал , қамқор , қайырымды , шыншыл қасиеттері жайлы әңгімелесті.