МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен «Шығармашылық» саласы бойынша «Сурет салу» пәнінде «Түрлі-түсті жапырақтар» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. ҰОҚ-нің мақсаты балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету барысында түстерді ажырата білу, «дөңгелек» түсінігін бекіту және қол млторикасына арналған ойындар ойнату болып табылды. Оқ қызметін саусақ жаттығуынан бастап, шығармашылық жұмыстармен аяқтады. Ұйымдастырылған оқу қызметіне «Жапырақ» қонаққа келіп, күз мезгілінде жапырақтар түрлі түске боялатынын айтты. Жеміс бағындағы жемістердің түрі, түсі, дәмі қандай екенін балалар айтып, өздері жақсы көретін жемістердің жапырақтарын бояп, жапсырды. Өздеріне қатты ұнағанын атап өтті.