Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының даярлық "Құлыншақ" тобында "Таным" саласының "Математика негіздері" бөлімі бойынша "Дөңгелек. Шаршы. Тіктөртбұрыш. Үшбұрыш" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты балалар фигуралармен танысып, бірін-бірінен ажыратудыды үйретуде есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдылары дамыту жұмыстарын жүргізу және тапсырмаларды аяғына дейін орындап,шыдамды болуға тырысу болып табылды. Балалар оқу қызметі барысында экрандағы фигураларды атап, әліппе-дәптердегі тапсырмаларды түсініп, қызығушылық танытып, белсене қатысып, дұрыс орындады.