Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Айтжанова Алмагуль Сагандыковна даярлық "Құлыншақ" тобында "Таным" саласының "Жаратылыстану" бөлімі бойынша "Терезе алдында не өсіп тұр? " тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты балаларды жаңа бөлме өсімдіктерімен таныстырып, тəжірибелік-жұмыстарға деген қызығушылықтарын ояту болып табылды. Балалар бөлме гүлдерімен танысты. Неліктен бөлме гүлдері деп атайтыны жайында әңгімеледі. Әліппе дәптеріндегі тапсырманы орындап, гүлдерге қалай күтім жасау керектігін іс тәжірибе барысында көрсетті. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты орындалды.