Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Шайкенова Күншашар Мұқатайқызының ұйымдастырумен ересек «Ботақан» тобының тәрбиеленушілері «Таным» саласының «Математика негіздері» бөлімінде «Үлкен, кіші және кішкентай үшбұрыштар» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінде көптеген фигуралардың ішінен үшбұрышты таба білуді, өздеріне таныс заттарды көлеміне қарай салыстыруды, үйрену мақсатында тапсырмалар орындалды. Таныс заттарды көлеміне қарай үлкен, кіші, кішкентай салыстыру және оларды сол белгілеріне қарай, біріктіруді дамыту, үшбұрыштар көлемі жағынан әр түрлі болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп, оқу қызметін қызықты тапсырмалармен қорытындылады.