Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Айтжанова Алмагуль Сагандыковна даярлық "Құлыншақ" тобында "Әлеумет" саласының "Өзін -өзі тану" бөлімі бойынша "Жақсы сөз жанды жадыратар" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балаларға "Жақсы сөздің" адамға әсері туралы түсіндіре отырып, адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту жұмыстарын жүргізуде өзіне деген сенімділігін дамыта алды. Балаларға берілген тапсырма бойынша сурет, көрініс арқылы өз ойларын жеткізуге тырысты. Балалар жылы сөз айтып қайырымды болудың маңызды екенін мультфильмдегі үзіндіні тамашалау арқылы өз пікірлерін ортаға салды. Ұйымдастырылған оқу қызметі өз мақсатына жетті.