МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Еркетай» тобында тәрбиеші Уразбекова Гульмира Ануаровнаның жетекшілігімен «Таным» саласы бойынша «Математика негіздері» бөлімінде «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Кең-тар. Тіктөртбұрыш (өзге фигуралар арасынан табу)» тақырыбына арналған ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.
Балалар математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыра отырып,, заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйренді. Екі топтағы заттарды салыстыра отырыпы, заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтады. Өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыруды (кең, тар) үйренді. Тіктөртбұрыш туралы білімін пысықтап, оны өзге геометриялық фигуралардың ішінен табуды үйренді.
Тәрбиеші балаларды оқу қызметінде белсенділік танытқаны үшін мадақтады.